7 “Ә” сыныбында “Кітап – рухани қазына” тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
???? Мақсаты:
-Оқушыларға кітаптың адам өміріндегі маңызын түсіндіру, кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру, рухани байлықтың көзі ретінде кітапты құрметтеуге тәрбиелеу.
???? Міндеттері:
• Кітаптың білім көзі екенін ұғындыру
• Оқушылардың ой-өрісін дамыту
• Кітап оқуға деген сүйіспеншілікті қалыптастыру
Оқушылар сабақ барысында өздерінің сүйікті шығармаларын таныстырып, “Кітап-рухани қазына” тақырыбында шағын шығарма жазды.