2026 жылғы 30 наурыз күні 10-сынып оқушыларымен 2 сәуір – Халықаралық балалар кітабы күніне орай «Кітап – рухани қазына» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
Сабақтың мақсаты:
оқушыларға кітаптың тұлға қалыптастырудағы рөлін терең түсіндіру, сыни ойлау, аргумент келтіру және өз пікірін білдіру дағдыларын дамыту, сондай-ақ оқу мәдениетін қалыптастыру болды.
Сабақ барысында оқушылар «Менің сүйікті кітабым…» тақырыбында өз ойларын ортаға салып, оқыған шығармалары туралы әсерлерімен бөлісті. Әр оқушы өзіне ұнаған кітаптың мазмұнын, кейіпкерлерін сипаттап, оның өз өміріне тигізген әсерін атап өтті. Бұл кезеңде оқушылардың сөйлеу мәдениеті мен еркін пікір білдіру дағдылары байқалды.
Сонымен қатар, тақырып аясында «Мен кіммін?» ойыны ұйымдастырылды. Ойын барысында оқушылар әдеби кейіпкерлерді сипаттау арқылы бір-бірінің сыни ойлау және логикалық қорытынды жасау қабілеттерін дамытты. Бұл әдіс оқушылардың қызығушылығын арттырып, сабақтың мазмұнын жандандыра түсті.
Сынып сағаты өз мақсатына жетті. Оқушылар кітаптың маңыздылығын түсініп, оқу мәдениетін дамыту қажеттігін ұғынды. Сабақ барысында белсенділік жоғары деңгейде болды.