Мектебіміздің 9,11 сынып оқушылары Болат Әбдікәрімов атындағы Нұра көпсалалы колледжінде ұйымдастырылған кәсіби сынамаларға қатысып қайтты.
Іс-шара барысында оқушылар колледждің материалдық-техникалық базасымен танысып, «Аспазшы», «Тігінші», «Автомобиль жөндеу шебері», «Электргазбен дәнекерлеуші» мамандықтары бойынша шеберлік сабақтарына қатысты. Колледж мамандары оқушыларға мамандықтардың қыр-сырын түсіндіріп, тәжірибелік жұмыстар жүргізді.
Кәсіби сынамалар оқушылардың болашақ мамандық таңдауда дұрыс бағыт алуына, еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптермен танысуына мүмкіндік берді. Оқушылар өз қызығушылықтарына сай мамандықтар туралы толық ақпарат алып, пайдалы тәжірибе жинақтады.
Осындай кәсіби бағдар беру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табады.

