9 «Ә» сыныбы “Наурызнама” онкүндігі жоспары аясында патриоттық бағыттағы «Оян, Қазақ!» атты көркем фильмін тамашалады. Іс-шараның негізгі мақсаты — оқушылардың ел тарихына деген қызығушылығын арттыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және отансүйгіштік сезімін қалыптастыру.
Фильм барысында оқушылар қазақ халқының өткен тарихы, ел тәуелсіздігі жолындағы күресі туралы маңызды мағлұматтар алды. Кино көрсетілімінен кейін сынып оқушылары өз ойларымен бөлісіп, фильмнің тәрбиелік мәні туралы пікір алмасты.
Бұл іс-шара оқушылардың патриоттық сезімін оятып, туған елге деген құрметін арттыруға өз үлесін қосты.