«Наурызнама» онкүндігі жалғасуда!
М. Жұмабаев атындағы ЖББМГ «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 20 наурыз – «Ұлттық спорт күні» жоғары деңгейде аталып өтті.
Аталған күні дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Асанов С.Т. оқушылармен бірге ұлттық ойындарымызды дәріптеу мақсатында бесасық, арқан тартыс, қазақша күрес және аударыспақ ойындарын ұйымдастырды. Оқушылар белсенді қатысып, ептілік пен шапшаңдықтарын көрсетіп, ұлттық құндылықтарға деген қызығушылықтарын арттырды.
Ұлттық спорт – ұлт мұрасы! Осындай игі шаралар арқылы жас ұрпақтың бойына салт-дәстүрімізге деген құрмет қалыптасады.