back-image
Мағжан Жұмабаев атындағы жалпы білім беру мектебі

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> Мағжан Жұмабаев атындағы жалпы білім беру мектебі
“Шаңырақ күні”
17-03-2026 16:10
“Шаңырақ күні”

Наурыз айының 17 жұлдызы “Шаңырақ күні” деп белгіленген. Бұл күн отбасы құндылықтарын насихаттауға, үлкенді құрметтеуге, ұрпақ тәрбиесіне арналатыны бәрімізге мәлім.

Осыған орай, “Даналық мектебі” жобасы аясында 7 “Ә” сыныбында «Атадан бата – ұрпаққа аманат» атты тәрбие сағаты өткізілді.

Мақсаты:
оқушыларға қазақ халқының ұлттық құндылықтарының бірі – батаның маңызын түсіндіру;
үлкенді құрметтеуге, салт-дәстүрді қадірлеуге тәрбиелеу;
оқушылардың ата-әжеге деген құрметін арттыру.

Тәрбие сағатымыздың басты қонағы ретінде сыныбымыздағы Нұрдәулеттің атасы Қопабайұлы Зарықхан шақырылды. Атамыз батаның түрлері, оның қадір-қасиеті, сондай-ақ үлкендерден бата алудың өмірде қаншалықты маңызды екені туралы көптеген құнды мәліметтермен бөлісті.

Новости