Іс-шараның негізгі мақсаты – балаларға Наурыз мейрамының мәні мен маңызын түсіндіру, қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын таныстыру, сондай-ақ ұлттық құндылықтарға деген құрмет сезімін қалыптастыру.
Тәрбие сағаты барысында балалар Наурыз туралы әндер шырқап, «Қыз қуу», «Қол күрес», «Таяқ тарту» сияқты ұлттық ойындарды ойнады. Сонымен қатар, қазақтың ұлттық тағамдары мен дәстүрлері туралы мағлұмат беріліп, қыздарымыз мың бұралаң би билеп, өз өнерлерін көрсетті.
Балалар іс-шараға белсенді қатысып, ерекше қызығушылық танытты. Тәрбие сағаты жоғары деңгейде ұйымдастырылып, тәрбиелік мәні зор болды. Балалар мерекелік көңіл-күйге бөленіп, Наурыз мейрамы туралы жағымды әсер алды.
Наурыз айының он жетісінде «Айгөлек» тобында Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамына арналған «Науры (1)