back-image
Мағжан Жұмабаев атындағы жалпы білім беру мектебі

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> Мағжан Жұмабаев атындағы жалпы білім беру мектебі
Аязбекова Н.Ж. әріптестерге «Пружина театры» атты қимыл-шығармашылық ойын түрі
17-03-2026 12:08
Аязбекова Н.Ж. әріптестерге «Пружина театры» атты қимыл-шығармашылық ойын түрі

Құзыреттілік жоспарына сәйкес Аязбекова Н.Ж. әріптестерге «Пружина театры» атты қимыл-шығармашылық ойын түрін таныстырып, тәжірибеде көрсетті. «Пружина театры» – балалардың қимыл арқылы әртүрлі кейіпкерлерді бейнелеп, шағын көрініс қоятын шығармашылық ойыны. Ойын барысында балалар серіппе сияқты қозғалыс жасайды: алдымен баяу «қысылып», кейін жылдам «серпіледі». Сол қимылды сақтай отырып, олар қоян, мысық, түлкі, қасқыр, робот, жел, ағаш сияқты кейіпкерлерді қимыл арқылы бейнелейді.

Бұл ойынның негізгі мақсаты – балалардың қиялын және шығармашылық қабілетін дамыту, дене қимылын үйлестіру, икемділігін арттыру, эмоцияны қимыл арқылы жеткізе білуге үйрету. Сонымен қатар балалардың сөйлеу және сахналық мәдениетін қалыптастыруға, топпен бірлесе жұмыс істеу дағдысын дамытуға мүмкіндік береді.

Қорытындылай келе, «Пружина театры» ойыны балаларды қимыл арқылы ойнауға, ойлауға және сахналауға үйрететін тиімді әдістердің бірі болып табылады. Бұл ойын балалардың қимыл белсенділігін арттырып, актерлік қабілеттерін дамытады әрі көңілді, шығармашылық атмосфера қалыптастырады.

Новости