Мағжан Жұмабаев атындағы ЖББМГ-ның жанындағы “Балдырған” шағын орталығы наурыздың үші күні “Асыл адам-аяулы анам!”атты ертеңгілігін өткізді. Мақсаты: өз жақын адамдарын қуанта білуге , мейірімділікке, бәріне деген сүйіспеншілікке, достыққа тәрбиелеу; Ән және қозғалыс орындаушылық дағдыларын қалыптастыру; Ертеңгілікке балалар әжелер мен араларында арнап өлең жолдарын жолдап, “Анашым анам”, “Әжемнің шайы” әндерін айтып қана қоймай “Әжесін қайсысы жақсы көреді?”атты көрінісін де сомдады. Мың бұралған қыздарымыз “Көбелек” пен “Түймедақ” және “Гүл сыйла” вальсын билеп, “Гүлдерге көбелектерді қондыр” ойынын ойнады. Ал, аналарымызбен “Кім жылдам?”қимыл-қозғалыс ойынын ойнады. Ертеңгілік өте мазмұнды өтті. Балалар қызығушылықпен қатысты. Аналар мен әжелер өз алғыстарын айтып, сөз сөйледі.
