back-image
Мағжан Жұмабаев атындағы жалпы білім беру мектебі

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> Мағжан Жұмабаев атындағы жалпы білім беру мектебі
«Ана – өмір жүрегі» атты мерекелік ертеңгілік
05-03-2026 15:56
 «Ана – өмір жүрегі» атты мерекелік ертеңгілік

Мағжан Жұмабаев атындағы ЖББМГ жанындағы «Балдырған» шағын орталығының «Айгөлек» тобында 5 наурыз күні Аналар мерекесіне орай «Ана – өмір жүрегі» атты мерекелік ертеңгілік өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – балалардың анаға деген сүйіспеншілігі мен құрмет сезімін қалыптастыру, ана еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу және мерекелік көңіл күй сыйлау.
Ертеңгілік барысында балалар аналарға арнаған тақпақтарын айтып, әсем әндер орындап, заманауи билер биледі. Сонымен қатар «Анаңның шаш үлгісі», «Кім шапшаң?» атты қызықты ойындар ұйымдастырылды.
Мерекелік шараға қонақ ретінде Бұзықбек пен оның анасы келіп, аналарға жүрекжарды тілектерін білдіріп, өз өнерлерін көрсетті.
Мерекелік іс-шара өте әсерлі өтіп, балалар мен ата-аналарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Осындай тәрбиелік мәні зор іс-шаралар арқылы балалардың мейірімділік, сыйластық, қамқорлық сияқты адамгершілік қасиеттері қалыптасады.

Новости