М.Жұмабаев атындағы ЖББ мектеп-гимназиясының 5 «Ә» сыныбында А Т. Аманжолованың ұйымдастыруымен «Ана жүрегі – мейірім бесігі» атты мерекелік кеш өткізілді.
Іс-шара барысында оқушылар аналарға арналған жүрекжарды өлеңдерін оқып, ән айтып,би билеп, көрініс көрсетіп, өз өнерлерін паш етті. Балалардың ақ тілектері мен жылы лебіздері аналардың көңілін ерекше қуанышқа бөледі.
Мерекелік кештің басты мақсаты – аналарға құрмет көрсету, олардың мейірімі мен қамқорлығын дәріптеу болды. Оқушылар өз өнерлері арқылы аналарын қуантты, мерекелік көңіл-күй сыйлады.


