Мақсаты:
-Анаға деген сүйіспеншілік пен құрметті арттыру;
-Ананың отбасындағы және қоғамдағы орнын түсіндіру;
-Оқушылардың анаға деген алғыс сезімін білдіруіне мүмкіндік жасау;
-Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін (өлең оқу, ән айту, би билеу) дамыту.
Тәрбие сағаты барысында аналарына өлең жолдарын арнап, әнін шырқап, би биледі.
Кештің әсерлі сәттерінің бірі “ Анама хат” айдары болды.Оқушылар аналарына дайындаған жылы хаттарын әркім өзі жеке оқып, жүрекке жылулық сезімін сыйлады.
Тәрбие сағатының соңында аналар мен балалар бірлесіп армандар картасын жасады. Анасымен бірге армандар картасын (карта желаний) жасаудың пайдасы:
1. Ана мен бала арасындағы байланысты нығайтады ❤️
2. Баланың арманы мен мақсатын анықтауға көмектеседі ⭐
3. Мотивацияны арттырады ????
4. Шығармашылық қабілетті дамытады ????
5. Позитивті ойлауды қалыптастырады ????
Армандар туралы ойлау балаға жақсы нәрселерге сенуге және өмірге позитивті қарауға көмектеседі.
6. Отбасылық дәстүр қалыптастырады ????????????




