back-image
Мағжан Жұмабаев атындағы жалпы білім беру мектебі

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> Мағжан Жұмабаев атындағы жалпы білім беру мектебі
«Әже – ұлт тәрбиесінің алтын діңгегі» атты аудандық әжелер форумы өтті.
04-03-2026 12:13
 «Әже – ұлт тәрбиесінің алтын діңгегі» атты аудандық әжелер форумы өтті.

Ағымдағы жылдың 4 наурыз күні Нұра ауданы білім бөлімінің ұйымдастыруымен М.Жұмабаев атындағы ЖББ мектеп‑гимназиясы базасында «Әже – ұлт тәрбиесінің алтын діңгегі» атты аудандық әжелер форумы өтті.
Бұл жиын ұлттық құндылықтар мен отбасы тәрбиесін жандандыруға арналған маңызды іс-шара болды. Аудандық форумға Нұра ауданының мұғалімдер кәсіподақ ұйымының төрағасы А.Х. Мустафин, ардагер ұстаз К.Д. Жанкуатова және Нұра ауданының «Әжелер ансамблі» қатысты.
Сонымен қатар қыз балалар мен жеңгелерге «Құрақтар сөйлейді», «Кәде-көңіл ажары» атты шеберлік сабақтары көрсетілді.
Форум аясында «Әже мен немере» аудандық байқауы ұйымдастырылып, әже мен немерелердің өнері мен шеберлігі көпшілікке ұсынылды. Байқау жеңімпаздары Нұра ауданының мұғалімдер кәсіподақ ұйымының атынан сыйлықтармен марапатталды.

Новости