05.03.2026 күні 10-сынып оқушыларының ұйымдастыруымен 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай «Қамқор жанға тағзым» атты аналарды құттықтауға арналған мерекелік кеш өтті.
Шара барысында оқушылар аналарға деген құрметтері мен ризашылықтарын білдіріп, жылы лебіздері мен құттықтауларын жеткізді. Кеште ән айтылып, өлеңдер оқылып, түрлі шығармашылық номерлер көрсетілді. Іс-шараның басты мақсаты – аналардың еңбегін бағалап, оларға құрмет көрсету, оқушылардың анаға деген сүйіспеншілігі мен алғысын білдіру болды. Мерекелік кеш әсерлі де жылы атмосферада өтіп, қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.



