back-image
Мағжан Жұмабаев атындағы жалпы білім беру мектебі

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> Мағжан Жұмабаев атындағы жалпы білім беру мектебі
5–10 сынып оқушылары арасында «Екі жұлдыз – 2026» атты ерекше форматтағы ән байқауы
03-03-2026 11:58
5–10 сынып оқушылары арасында «Екі жұлдыз – 2026» атты ерекше форматтағы ән байқауы

Іс-шараның мақсаты – отбасы құндылықтарын дәріптеу, ұстаз бен шәкірт арасындағы шығармашылық байланысты нығайту, оқушылардың сахна мәдениетін қалыптастыру және өнерге деген сүйіспеншілігін арттыру.

Байқау барысында ана мен бала, ұстаз бен оқушы жұп болып өнер көрсетіп, өзара үйлесім мен сенімнің, қолдау мен шабыттың жарқын үлгісін көрсетті. Сахна төрінде тек ән ғана шырқалған жоқ, жүректен шыққан сезім мен шынайылық көрініс тапты.

???? БАС ЖҮЛДЕ
5 «Ә» сыныбының оқушысы Жұмағали Ақтөре мен анасы Гүлшат Маратқызы

???? I орын
10-сынып оқушысы Сейітова Аяулым және мұғалімі Қабылда Жанбота

???? II орын
8-сынып оқушысы Мусина Айсұлу және мұғалімі Каипбергенова Нургуль Латкеновна

???? III орын
7 «А» сынып оқушысы Кайрбекова Айлана және анасы Кайрбекова Айымгуль

???? «Жүрекке жеткен ән» номинациясы
6 «Ә» сынып оқушылары Қалмахан Ару мен Серік Нұрасыл

???? «Ең креативті жұп» номинациясы
5 «А» сынып оқушысы Жанбырбай Айзере және әжесі Жупенова Зауреш Хасеновна

Барлық қатысушыларға батылдықтары мен өнерге деген шынайы ықыластары үшін алғыс білдіреміз. Осындай тағылымды, тәрбиелік мәні зор іс-шаралар мектебіміздің бірлігі мен шығармашылық рухын айқындай түседі.

Өнеріміз өрге жүзсін, жұлдыздарымыз әрдайым жарқырай берсін! ✨

Новости