2 наурыз 7А сыныбында “Алғыс айту - рухани байлық” тақырыбында тәрбие сағаты
2 наурыз 7А сыныбында “Алғыс айту - рухани байлық” тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Сабақ барысында оқушыларға “Алғыс айту” күнінің пайда болу тарихы туралы бейнематериал көрсетілді. Сондай-ақ, оқушылар әр түрлі халық мәдениетіндегі өзге адамға ризашылықты білдірудің әдіс-тәсілдерімен танысты. Сабақтың қорытындысы ретінде оқушылар мерекені пайдаланып өздері ерекше алғыс айтқысы келетін тұлғаларға ризашылық сәлемдемелерін жолдады.




