«Жасыл планета – біздің үйіміз»
Жаратылыстану апталығы аясында мектебімізде бастауыш сыныптар арасында 2 «Ә» сынып оқушыларының қатысуымен «Жасыл планета – біздің үйіміз» атты сурет көрмесі ұйымдастырылды. Көрмені бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі К. Д. Жанқуатова өткізді.
Оқушылар өз қиялдары арқылы табиғаттың сұлулығын, қоршаған ортаны қорғау идеясын және туған жерге деген сүйіспеншіліктерін сурет бетіне түсірді. Әрбір жұмыс – балғын жүректің табиғатқа деген жанашырлығының көрінісі.
Табиғатты аялау – әрқайсымыздың міндетіміз!


