“Тарих толқынында” тарихи сауаттылық апталығы барысында 9-сынып оқушылары арасында “Менің тәуелсіз Қазақстаным” тақырыбында презентациялық сайыс ұйымдастырылды. Сайысқа қатысушылар Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері, даму кезеңдері және ұлттық құндылықтары туралы мазмұнды жұмыстарын ұсынды. Оқушылар өз презентацияларын жан-жақты деректермен толықтырып, шығармашыл тәсілмен қорғап шықты. Шара барысында оқушылардың ел тарихына деген қызығушылығы мен патриоттық сезімі айқын көрінді. Презентациялық сайыс қатысушыларға жаңа ақпарат алуға, ой бөлісуге және өз қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік берді.


