back-image
Мағжан Жұмабаев атындағы жалпы білім беру мектебі

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> Мағжан Жұмабаев атындағы жалпы білім беру мектебі
«Адалдық – ізгі қасиет» тақырыбында адалдық сағаты
11-12-2025 15:55
«Адалдық – ізгі қасиет» тақырыбында адалдық сағаты
7-сынып оқушылары үшін «Адалдық – ізгі қасиет» тақырыбында адалдық сағаты өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушыларға адалдықтың адам өміріндегі маңызды құндылық екенін түсіндіру, шынайылық пен жауапкершілікке тәрбиелеу болды.
Сабақ барысында оқушылар адалдық ұғымының мәнін талқылап, өмірден алынған мысалдар арқылы адал болудың пайдасын және жалғандықтың жағымсыз әсерлерін саралады. Мұғалім оқушыларға түрлі жағдаяттық тапсырмалар ұсынып, әрбір жағдайда дұрыс әрі адал шешім қабылдаудың жолдарын бірге қарастырды.
Сонымен қатар, оқушылар шағын топтарға бөлініп, «Адал адам қандай болады?» тақырыбында постер дайындап, өз ойларын сынып алдында қорғады. Іс-шара соңында адалдық туралы бейнеролик көрсетіліп, оқушылар өз әсерлерімен және қорытынды ойларымен бөлісті.
Новости