“Тарих толқынында” тарихи сауаттылық апталығы аясында 5–6 сынып оқушылары арасында “Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері” тақырыбында тест жүргізілді. Іс-шараның басты мақсаты – оқушылардың мемлекеттік рәміздер туралы білімдерін тереңдету және олардың азаматтық жауапкершілігін арттыру болды. Тест тапсырмалары Әнұран, Ту және Елтаңба туралы сұрақтарды қамтыды. Оқушылар тапсырмаларды қызығушылықпен орындап, өз білім деңгейлерін көрсете білді. Шара барысында патриоттық тәрбиеге ерекше мән берілді. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу мен қастерлеу идеясы оқушылар санасына сіңірілді.


