Шәкәрім Құдайбердіұлының *»Еңлік-Кебек»* поэмасы бойынша зерттеу саба
М.Жұмабаев атындағы жалпы білім беретін мектеп-гимназиясында 8-сынып оқушыларымен Шәкәрім Құдайбердіұлының *»Еңлік-Кебек»* поэмасы бойынша зерттеу сабағы өтті.
Сабақтың мақсаты – оқушыларға поэма мазмұнын терең меңгерте отырып, трагедияның себептерін, кейіпкерлер бейнесін, тарихи шындық пен көркемдік шындық арасындағы байланысты саралау.
Зерттеу сабағы барысында оқушылар топтық жұмыс жасап, поэма кейіпкерлеріне талдау жүргізді, Еңлік пен Кебектің трагедиялық тағдырына қатысты өз ой-пікірлерін дәлелдермен қорғады. Сонымен қатар, тарихи жағдайларға сүйене отырып, ескі салт-дәстүр мен ұлттық құндылықтар мәселесі төңірегінде пікірталас ұйымдастырылды.
Сабақ оқушылардың сыни ойлау, зерттеу және дәлелдеу қабілеттерін дамытуға ықпал етті.


