М.Жұмабаев атындағы жалпы білім беретін мектеп-гимназиясында көркем еңбек пәні бойынша "Ою-өрнек сырлары" 5- сынып ,
Көркемдік модельдеу 6 -сынып оқушыларымен курс бағдарламасы жұмысын жалғастыруда. Сабақ барысында оқушылар пластилинография әдісімен жұмыс жасап, эстетикалық талғамдарын, ойлау және қиялдау қабілеттерін дамытып келеді.
Пластилинография – бұл пластилинмен сурет салу өнері, яғни түрлі түсті пластилинді қағаз немесе қатты негізге жағып, белгілі бір бейне жасау техникасы.
Бұл шығармашылық әдіс балалардың ұсақ моторикасын дамытып, түсті ажырату қабілетін арттырады, сонымен қатар эстетикалық тәрбие береді. Жұмыс барысында оқушылар жапырақ, гүл, жануарлар, табиғат көріністері мен ұлттық ою-өрнектерді пластилин арқылы бейнеледі.
Мұндай жұмыстар oқушылардың қызығушылығын арттырып, өз қолымен жасаған дүниеге мақтанышпен қарауға үйретеді.








