back-image
КГУ "Общеобразовательная школа имени М.Жумабаева"

Расширение сферы применения казахского языка

Комитетом языковой политики Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан реализован проект синтеза речи на казахском языке (экранный диктор) с целью расширения сферы применения казахского языка, в том числе создания необходимых условий для слабовидящих.

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> КГУ "Общеобразовательная школа имени М.Жумабаева"
"Жол ережелері"cурет байқауы
03-12-2025 10:13

Мектебімізде 5–6-сынып оқушылары арасында «Жол ережесін сақтау» тақырыбында сурет жарысы өткізілді. Жарыстың негізгі мақсаты – оқушыларға жол қауіпсіздігі туралы түсінік беру, олардың жауапкершілік сезімін арттыру және күнделікті өмірде жол ережесін сақтаудың маңыздылығын көрсету болды.
Байқауға қатысқан оқушылар өз қиялдары мен шығармашылық қабілеттерін көрсете отырып, түрлі-түсті, мазмұнды суреттер салды. Олардың жұмыстарында бағдаршам белгілері, жаяу жүргінші өткелі, жолдағы қауіпсіздік ережелері және жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге арналған ескертулер көрініс тапты.
Бұл байқау оқушыларға жолда абай болу, ережені сақтау және өз өмірі мен өзгенің өміріне жауапкершілікпен қарау қажеттігін тағы бір рет еске салды.

Новости