“Адал азамат - адал еңбек - адал табыс”
М.Жұмабаев атындағы жалпы білім беретін мектеп-гимназиясында 9 “А” сынып оқушыларымен “Адал азамат - адал еңбек - адал табыс” тақырыбында сынып сағаты өтті.
Мұндағы мақсат – оқушыларды адал еңбек етуге, табандылық пен жауапкершілікке тәрбиелеу, адал еңбектің адам өміріндегі маңызын түсіндіру және өз елінің дамуына үлес қосатын, әділ әрі еңбекқор азамат болуға бағыттау болды.
Сынып жетекшілері С.Е.Серікбаева жүргізген сынып сағаты барысында оқушылар адал еңбектің қоғамдағы және жеке өмірдегі орны туралы өз ойларын ортаға салып, «Қауіпсіз еңбек – салауатты өмір» тақырыбында бейнебаян көріп, пікір алмасты. Соңында оқушылар адалдықтың, еңбексүйгіштіктің және қауіпсіз еңбек дағдыларының өмірдегі маңызын түсініп, «Адал азамат болу – өз еңбегіңмен жетістікке жету» деген қорытындыға келді.



