«Қош бол, Балауса!»

Бүгінгі күн ерекше сезімге толы болды. Жаз бойы шат күлкіге толы «Балауса» лагерімен қоштасар сәт те келіп жетті.
Күн әдеттегідей балалардың сергітетін таңғы жаттығуымен басталды. Жаттығудан кейін балалар көңілді әрі белсенді күйде соңғы күннің іс-шараларына қатысты.
Іс-шара барысында балалар бір-біріне жылы тілектерін білдіріп, лагерьде қалыптасқан достық пен мейірімділіктің маңызын тағы бір мәрте сезінді. «Қош бол, Балауса!» атты мерекелік шарада балалар ән шырқап, би билеп, өз өнерлерін көрсетті. Лагерь барысында белсенділік танытқан балалар марапатталып, сыйлықтар табысталды.
Күніміз ерекше әсермен, шаттыққа толы көңілмен аяқталды. Балалар лагерьдегі соңғы күннен ұмытылмас естеліктермен үйлеріне аттанды. Келесі кездескенше, Балауса