11-сынып түлектеріне аттестат табыстау рәсімі

2025 жылғы маусым айының 19-ы күні мектебімізде 11-сынып түлектеріне *аттестат табыстау рәсімі* өтті. Салтанатты жиын *ҚР Мемлекеттік Әнұранымен* ашылды. Іс-шараға мектеп басшысы, ұстаздар, ата-аналар, түлектер мен қонақтар қатысты.
Алғашқы құттықтау сөзді мектеп директоры алып, түлектерге жүрекжарды тілегін білдіріп, өмір жолында сәттілік тіледі.
Кейін оқу озаттары мен мектеп өміріне белсене араласқан оқушылар арнайы мақтау қағазымен марапатталды. Бұл сәт мектеп қауымдастығы үшін үлкен мақтаныш болды.
Іс-шара барысында оқушылардың орындауында «Бақыт деген не?...» атты әсерлі сахналық қойылыммен жалғасын тапты.
Артынша, мектеп бітіруші түлектер *дәстүрлі мектеп вальсін* билеп, балалық шақпен, мектеп өмірімен қоштасты.
Салтанатты рәсімнің ең жауапты әрі толғандырар сәті – *аттестат табыстау* бөлімі болды. Түлектерге орта білім туралы аттестат салтанатты түрде тапсырылды. Бұл сәт – олардың өміріндегі маңызды белеске айналды.
Кеш соңында Нұрмақ Досымжан түлектердің атынан алғыс сөз айтып, ата-ана мен ұстаздарға ерекше ризашылық білдірілді.
Салтанатты жиын жоғары деңгейде, жылы атмосферада өтті.
Барша түлектерге алдағы өмір жолында сәттілік тілейміз!