back-image
Мағжан Жұмабаев атындағы жалпы білім беру мектебі

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> Мағжан Жұмабаев атындағы жалпы білім беру мектебі
“Жаз бойы кітаппен”
19-06-2025 10:48
“Жаз бойы кітаппен”

Балауса лагерінің бүгінгі күні әдеттегідей балаларды қабылдау, амандасу, көңіл күйлерін бақылаудан басталды. Одан әрі көңілді музыкамен, би элементтерімен сергіту сәтін жасадық. Бүгінгі күніміз аудандық кітапханаға саяхатпен жалғасты. “Жаз бойы кітаппен” атты іс-шара өткізілді. Іс-шарада балалар кітап оқыды, би биледі, топтарға бөлініп жарысты сонымен қатар балаларға тәттілер таратылды. Ары қарай бүгінгі күн“ Күлдіргі” күлкі күніне арналғандықтан балаларды Қожанасыр мен оның бастан өткен қызықты хикаяларымен танысты. Қожанасыр әңгімелерінен сахналық қойылым қойды. Өз бастарынан өткен қызықты оқиғалармен бөлісті. Солай ша бүгінгі күлкі күніне арналған күніміз өз мәресіне жетті. Балалар керемет көңіл күймен үйлеріне қайтты.

Новости