" Төтенше жағдайлар бойынша қауіпсіздік күні"

«Балауса» мектеп жанындағы жазғы лагеріміздің бүгінгі күні " Төтенше жағдайлар бойынша қауіпсіздік күніне" арналды. Лагерь жеткіншектерін төтенше жағдай қауіпінен сақтау үшін өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері арнайы келіп, «Балалардың терезеден құлап кетуден алдын алу» тақырыбында түсіндіру сабағын өткізді.
Сабақ барысында балаларға терезенің алдында ойнаудың қауіптілігі туралы айтылып, арнайы бейнебаян көрсетілді. Сонымен қатар, қауіпсіздік шаралары туралы жадынама таратылып, әр балаға терезе маңында қалай сақ болу керектігі түсіндірілді.
Балаларға төмендегі маңызды сұрақтар бойынша түсініктеме берілді:
• Терезе ашық тұрғанда қайда жақындауға болмайды?
• Қауіпті жағдайды қалай алдын ала байқауға болады?
• Ересектерге немесе 112 нөміріне қалай хабарлау керек?
Бүгінгі өткізілген шара балалардың төтенше жағдайлар кезіндегі өзін-өзі ұстау мәдениетін қалыптастыруға бағытталды.