“Жас Сарбаз” сыныбының оқушылары аттестат алып, мектеп өмірінің бір белесін артта қалдырды.

12 маусым күні М.Жұмабаев атындағы жалпы білім беретін мектеп-гимназиясының 9-сыныпты аяқтаған “Жас Сарбаз” сыныбының оқушылары аттестат алып, мектеп өмірінің бір белесін артта қалдырды. Бұл тек оқу жетістігінің ғана емес, тәртіп пен табандылықтың, елге деген сүйіспеншіліктің жемісі.
Тәртіппен шыңдалған, елжанды ұл-қыздарымызға тек сәттілік тілейміз! 

Армандарың асқақ, жолдарың ашық болсын!