
Бүгінгі лагерь күні “Экология күні” арналды.Күніміз әдеттегідей таза ауадағы таңғы жаттығудан басталды.Одан кейін балалармен экологиялық серуен ұйымдастырылды.Лагерь жеткіншектері қоршаған ортаны бақылап, өсімдіктер мен ағаш түрлерін танып білді.Серуеннен соң “табиғатты аялау”атты видеоматериал көрсетілді.Оқушылар видеодан табиғатты қорғаудың маңызы, экологиялық апаттар және әр адам табиғат үшін жауапкершілік алу керек екенін түсінді.Күн соңында “табиғатты қорғау”атты сурет салу жұмысы жүргізілді.Оқушылар өз қиялдарына сүйеніп табиғатты қорғау тақырыбын бейнелеп,ерекше шығармашылық жұмыс жүргізді.”Экология күні”балалар үшін өте әсерлі болды.Олар табиғаттың адам өміріндегі орнын терең түсініп,оны қорғау-әркімнің борышы екенін ұғынды