back-image
Мағжан Жұмабаев атындағы жалпы білім беру мектебі

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> Мағжан Жұмабаев атындағы жалпы білім беру мектебі
Соңғы қоңырау салтанаты
23-05-2025 11:02
 Соңғы қоңырау салтанаты
Бүгін қызығы мен қиыншылығы мол, әр оқу жылы, қайталанбас тарихқа толы мектептің мерекесі, оқушылардың сыныптан - сыныпқа көшіп, асыға күткен жазғы демалысқа шығарып салатын – соңғы қоңырау салтанатын Мағжан Жұмабаев атындағы жалпы білім беретін мектеп-гимназиясы атап өтті. Оқу жылын 357 оқушымен аяқтап, 2-11 сыныптар аралығында 51 оқу озаты, 134 оқу екпіндісі болды. Жалпы мектеп бойынша оқу үлгерімі 100 % болса, білім сапасы 57% құрады.
Тағы бір оқу жылы артта қалды. 11 жыл бойы мектеп атты ұлы білім ордасынан тәлім-тәрбие алған әрбір түлек үшін бұл сәт – жаңа өмірдің бастамасы.
Мектебіміздің 18 түлегі бүгінгі салтанатты жиында балалықпен, мектеппен қоштасты. Ұстаздар тәуелсіз еліміздің жас ұрпағын тәрбиелеп, алға қойған міндеттерді орындау жолында аянбай еңбек етуде. Басты мақсатымыз - білім беру сапасын жетілдіру, саналы тәрбие беру. Биылғы оқу жылында жақсы нәтижелерге қол жеткіздік.
Новости