«ТУҒАН ЖЕРДІҢ ТАЛАНТТАРЫ» атты аудандық поэзия жыр байқауы

«НҰРА АУДАНЫНЫҢ ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ МҰРАЖАЙЫ» КМКК
Арқаның ақиық ақыны Қайып Айнабековтың 140 жылдығына, Нұра ақындары Б. Ысқақов, М. Теміровтың шығармашылығын насихаттауға арналған «ТУҒАН ЖЕРДІҢ ТАЛАНТТАРЫ» атты аудандық поэзия жыр байқауын ұйымдастырған еді.
Жыр байқауы екі номинация бойынша өтті.
«Айтып өткен ақында арман бар ма?» бағыты бойынша Әмірхан Дидар І дәрежелі дипломды иеленсе, "Ақынға арнау" бағыты бойынша өз шығармашылығын мәнерлеп оқудан Қайратқызы Әдина ІІ дәрежелі дипломмен, басқа қатысушыларымыз алғыс хаттармен марапатталды.
Қазақ әдебиеті мен мәдениетіне зор үлес қосқан ,елінің рухани өмірінде өшпес із қалдырған тұлғаларымыздың есімі осындай өлең сүйер жастардың арқасында мәңгі жасай бермек.