РЕСПУБЛИКАЛЫҚ “АЛТЫН ТҮЛЕК” ОЛИМПИАДАСЫНАН ОҚУШЫЛАРЫМЫЗ ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНМЕН ОРАЛДЫ.


Қуанышты бөліссең, көбейеді -демекші тағы бір тамаша жетістікке қол жеткізудеміз.
10-11 сынып оқушыларына арналған математика пәні бойынша"Алтын түлек" олимпиадасының РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КЕЗЕҢІНДЕ гимназиямыздың 11- сынып оқушысы Рысмаганбетов Амангали 3 - орын, 10- сынып оқушылары Мусина Диляра, Макишева Ақерке 2 - орынды қанжығаларына байлады.
Аталмыш жеңіс оқушылардың білімі мен табандылықтарының арқасы болса, жетекшісі Сулейменов Еркентай Шынтабайұлының қажырлы еңбегінің нәтижесі.
Еркентай Шынтабайұлы - өз ісінің шебері, шәкірттерін үлкен жетістікке жетелеуші білікті ұстаз.
ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНДАРЫМЕН ШЫН ЖҮРЕКТЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!