Сынып сағаты

Қоғам әрқашан тәртіпке негізделіп, арқа сүйеп қалыптасып, тіршілік етеді. Қоғамда тәртіп болмаса, ол құлдырайды, яғни, келешегі болмайды. Осы орайда 6 “А” сыныбында “ «Құқықтық тәртіп және әлеуметтік жауапкершілік» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Балаларға өз құқықтары, міндеттері жайлы ақпарат беріліп, Мемлекеттік рәміздерге қатысты құқықбұзушылықтың түрлері мен қолданылатын жазалармен таныстырылды.