«Ата-тегімді білу парызым»
5 “Ә” сыныбында «Ата-тегімді білу парызым» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
Мақсаты: Оқушылардың ата тектері туралы мағлұматтарды бойына сіңіруіне, жеті атасы туралы ойларын ортаға салуға, олардың өз ата тектерін білуге тәрбиелеу, аталарға деген сый-құрметін арттыру.
Сынып сағатына сыныптың оқушысы Нұрланұлы Мәдидің атасы Ақылбеков Омар Ешімұлы қонақ болып келді. Оқушылар 7 аталарын “Тек ағашына” жазып, атамызға да таныстырып өтті. Сабақ соңында атамыз оқушыларға ақ батасын беріп, оқушылар да атаға жылы лебіздерін білдірді.