
29 қыркүйек күні М.Жұмабаев атындағы ЖББ мектебінде "Атасын сыйлаған абыройға бөленер" атты өнеге сағаты өтті. 7 "А" сыныбының оқушылары Іңкәр мен Аминаның аталары Амангелді Жанатұлы, Қопабай Зарықхан тәлім, тағлым, тәрбие турасында ой өрбітіп, ана тілінің жай-күйіне тоқталды. Қазыналы қариялардың құрметіне "Ата мен әже" әні шырқалып, М.Мақатаевтың "Қариялар азайып бара жатыр" өлеңі оқылып, "Балбырауын" күйі ойналды. Шара соңында батагөй қариялар жас ұрпаққа сәулелі келешек тіледі.