«Қош бол, сүйікті Әліппе!» атты ашық тәрбие сағаты
Мағжан Жұмабаев атындағы жалпы білім беретін мектепте желтоқсан айының 22 жұлдызында 1 сынып мұғалімдері Қ.М. Абишева мен М.Т. Сейткаринаның ұйымдастыруымен «Қош бол, сүйікті Әліппе!» атты ашық тәрбие сағаты өткізілді.
Тәрбие сағатының мақсаты: оқу тілін дамытып, сөздік қорын молайту. Оқушылардың әліппеден алған білімдерін тиянақтау. Оқушылардың елін, Отанын сүюге, оны қорғай білуге тәрбиелеу. Аталмыш іс – шараға оқушылар белсене қатысты. Атап айтсақ «Бауырсақ пен қуыршақ» көрінісі қойылды, Отан туралы өлең айтылып, билер биленді. «Кім жылдам?» ойыны ойнатылды. Тәрбие сағатының соңында оқушылар әліппе оқулығын табысты аяқтағаны үшін мадақтамамен марапатталды.