"Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу комиссиясы"

М.Жұмабаев атындағы ЖББ мектебінде 22 қараша күні "Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу комиссиясы" мектеп асханасының жұмысын тексерді. Мектеп медбикесі тамақ сапасын, ас мәзіріне сәйкестігін күнделікті қадағалауда. Комиссия мүшелері жұма сайын мектепке жеткізілген өнімдердің жарамдылық мерзімін, азық-түліктің сапасын тексеріп, қолданысқа беріліп отырады. Асхананың тазалығы санитарлық нормаларға сай. Балаларға тамақ дәмді әрі ыстық күйінде беріледі.