"Баланы тәрбиелеудегі ата-ананың рөлі" тақырыбында ата-аналар жиналысы
М.Жұмабаев атындағы ЖББМ 19-шы қазан күні "Баланы тәрбиелеудегі ата-ананың рөлі" тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті.
Жиналысқа 16 ата-ана қатысты. Жиналыста "Мен ғажаппын" тренингін өткізу арқылы ата-аналардың бір-бірін жақсы қасиеттерін жақынырақ білуге бағытталған тапсырмалар орындап бір-бірін жақсы тани түсті.
«Ата-ананың басты қуанышы бала» Жаңа ғасырға аяқ басып отырған заманымызда қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген,бойында ұлттық сана-сезім қалыптасқан ертеңгі қоғам иелері боларлық азамат тәрбиелеп өсіру барлығымыздың міндетіміз.