Мектептің әлеуметтік педагогі Шеруова А.Ж. 7 «А» сынып оқушыларына «Қауіпсіз интернет — қауіпсіз болашақ!» тақырыбында танымдық сабақ өткізді. Сабақ барысында оқушылар кибербуллинг туралы тақырыптық бейнеролик көріп, оның салдарын талқылады. Интернеттегі қорлау мен қудалау жағдайларындағы дұрыс және бұрыс әрекеттерді саралап, кибербуллингке тап болған жағдайда қалай әрекет ету керектігін және қайда көмекке жүгінуге болатынын білді. Сабақта интернеттегі қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыруға, әлеуметтік желілерде бір-бірімен сыйластықпен қарым-қатынас жасауға және онлайн кеңістіктегі өз әрекеттеріне жауапкершілікпен қарауға ерекше назар аударылды. Есіңізде болсын: интернет реніш пен қорлау орны емес, қарым-қатынас, білім және жаңа мүмкіндіктер кеңістігі болуы тиіс! Социальным педагогом школы Шеруовой А.Ж. для учащихся 7 «А» класса был проведён познавательный урок на тему «Безопасный интернет — безопасное будущее!». В ходе занятия учащиеся посмотрели тематический видеоролик о кибербуллинге, обсудили его последствия, разобрали правильные и неправильные модели поведения в ситуациях интернет-травли, а также узнали, как правильно действовать и куда обращаться за помощью в случае столкновения с кибербуллингом. Особое внимание было уделено формированию культуры безопасного поведения в интернете, уважительному общению в социальных сетях и ответственному отношению к своим поступкам в онлайн-пространстве. Помните: интернет должен быть пространством общения, знаний и возможностей, а не местом для обид и травли!