“Заң мен Тәртіп» бағыты аясында мектебіміздің 10 «А» сыныбында
“Заң мен Тәртіп» бағыты аясында мектебіміздің 10 «А» сыныбында «Дропперлік, фишинг, вишинг: қорғану алгоритмі және құқықтық жауапкершілік» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру сабағы өткізілді.
Мақсаты: Оқушыларға интернет-алаяқтықтың кең таралған түрлері – дропперлік, фишинг және вишинг туралы түсінік беру, олардың қауіптілігін түсіндіру. Киберқауіпсіздік ережелерін сақтауға, жеке және банктік деректерді қорғауға үйрету, құқықтық сауаттылықтарын арттыру және заң алдындағы жауапкершілікті сезіндіру.
Сабақ барысында оқушыларға дропперлік ұғымының мәні, оның қаржылық алаяқтықпен байланысы және заңсыз ақша аударымдарына қатысудың салдары түсіндірілді. Сонымен қатар фишинг пен вишингтің ерекшеліктері, алаяқтардың интернет пен телефон арқылы азаматтарды алдау тәсілдері туралы ақпарат берілді.
Оқушыларға күмәнді сілтемелерге өтпеу, белгісіз адамдарға SMS-кодтарды, банк картасының деректерін және жеке мәліметтерді бермеу, бөтен адамдардың өтінішімен өз банк шотын пайдалануға жол бермеу қажеттігі ескертілді. Сабақта түрлі өмірлік жағдаяттар талқыланып, интернет-алаяқтыққа тап болған жағдайда қандай әрекет жасау керектігі жөнінде қорғану алгоритмі түсіндірілді. Сондай-ақ заңсыз қаржылық операцияларға қатысудың құқықтық салдары мен кәмелетке толмағандардың заң алдындағы жауапкершілігіне ерекше назар аударылды.
Оқушылар өз ойларын ортаға салып, сұрақтарға жауап беріп, интернет кеңістігінде қауіпсіз әрекет ету жолдарын талқылады.
Қорытынды: Сабақ нәтижесінде оқушылардың қаржылық және цифрлық қауіпсіздік туралы түсініктері кеңейіп, интернет-алаяқтықтың алдын алу, жеке деректерді қорғау және заң талаптарын сақтау маңыздылығы түсіндірілді.
Заңды білу – өз құқығыңды қорғаудың, ал тәртіпті сақтау – қауіпсіз қоғам қалыптастырудың негізі!
#ЗаңМенТәртіп #ҚұқықтықСауаттылық #Киберқауіпсіздік #Дропперлік #Фишинг Вишинг АдалАзамат ҚауіпсізИнтернет