back-image
КГУ "Опорная школа им. Ыбырая Алтынсарина (ресурсный центр)"

Расширение сферы применения казахского языка

Комитетом языковой политики Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан реализован проект синтеза речи на казахском языке (экранный диктор) с целью расширения сферы применения казахского языка, в том числе создания необходимых условий для слабовидящих.

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> КГУ "Опорная школа им. Ыбырая Алтынсарина (ресурсный центр)"
АУЫЛ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІНДЕГІ ЖЕҢІС!
06-11-2026 10:48
АУЫЛ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІНДЕГІ ЖЕҢІС!
АУЫЛ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІНДЕГІ ЖЕҢІС!
Мектебіміздің оқушылары ауыл мектептерінің оқушыларына арналған республикалық пәндік олимпиаданың облыстық кезеңіне қатысып, жоғары білім деңгейі мен жан-жақты дайындықтарын көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды.
Облыстық деңгейде өткен білім додасында оқушыларымыз өз білімдерін сынап, пән бойынша терең білімдерін, ізденімпаздықтарын, логикалық ойлау қабілеттерін және шығармашылық белсенділіктерін танытты.
Бұл жетістік – оқушылардың табанды еңбегі мен ізденісінің, ұстаздардың кәсіби шеберлігі мен жүйелі дайындығының нәтижесі.
Жүлделі орындарға ие болған оқушыларымызды және оларды олимпиадаға дайындаған ұстаздарын шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, білім додаларында мектебіміздің мерейін асыра берулеріне тілектеспіз!
Мақсаты:
* Оқушылардың пәндік білімін тереңдету және интеллектуалдық қабілеттерін дамыту;
* Дарынды оқушыларды анықтау және олардың білімге деген қызығушылығын арттыру;
* Оқушылардың шығармашылық, зерттеушілік және логикалық ойлау дағдыларын қалыптастыру;
* Білім сапасын арттыру және оқушыларды жоғары нәтижелерге ынталандыру;
* Ауыл мектептері оқушыларының білім бәсекесіне қатысуына мүмкіндік жасау.
Білімді ұрпақ – ел болашағы! Жеңістеріміз жалғасын таба берсін!
Новости