ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті жанындағы ақпараттық-түсіндіру пулының спикері Абишев Жомарт Сүлейменұлы, «DARA» әлеуметтік инновация институты директорының орынбасары, заңгер Аукенов Нұртай Алпысұлы және Нұра ауданы ПБ КПБ жедел уәкілі, полиция лейтенанты Сабыр Ақжол Ержанұлы «Заң мен тәртіп» идеологиясы аясында «Ы. Алтынсарин атындағы тірек мектебі (РО)» КММ-нің 9–11 сынып оқушыларымен кездесіп, интернет-алаяқтықтың алдын алу, құмар ойындардың зияны және қауіпсіздік ережелері тақырыптарында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Мақсаты: оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу, құмар ойындардың зияны туралы ақпарат беру және қауіпсіздік ережелерін сақтау дағдыларын қалыптастыру. Сонымен қатар, жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу, заң талаптарын құрметтеуге тәрбиелеу және олардың азаматтық жауапкершілігін арттыру. #адал_азамат
@bilimboliminura #заңментәртіп #полициянура
