back-image
"Ыбырай Алтынсарин атындағы тiрек мектебі (ресурстық орталық)" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Ыбырай Алтынсарин атындағы тiрек мектебі (ресурстық орталық)" КММ
кадемик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды Ұлттық зерттеу университетінің
23-04-2026 12:18
кадемик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды Ұлттық зерттеу университетінің

21.04.26ж “Ыбырай Алтынсарин атындағы тiрек мектебі (ресурстық орталық)” КММ-де 11- сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру мақсатында Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды Ұлттық зерттеу университетінің биология-география факультеті өкілдерімен кездесу өткізілді. Шара аясында оқушыларға факультеттегі мамандықтар (биология, география, экология және т.б.), оқу зертханаларының жабдықталуы, академиялық ұтқырлық бағдарламалары және мемлекеттік гранттар туралы толық ақпарат берілді. Кездесу оқушылардың жаратылыстану ғылымдары саласындағы білімін кеңейтіп, болашақ мамандығын саналы түрде таңдауына бағытталған.Кездесудің негізгі мақсаты 11-сынып оқушыларын қазіргі заманғы экологиялық, биологиялық және географиялық мамандықтардың қыр-сырымен таныстыру, сондай-ақ түлектерді жоғары оқу орнына түсуге ынталандыру. #кәсіптікбағдарберу

Новости