Бүгін мектебімізде 12 сәуір — Ғылым қызметкерлері күні және Дүниежүзілік авиация мен космонавтика күніне орай танымдық сынып сағаты өтті. Сынып сағатының мақсаты: оқушыларға 12 сәуір — Ғылым мен Космонавтика күнінің маңызын түсіндіру; ғарыш әлемінің құпиялары мен ғылымның адамзат өміріндегі рөлі туралы ақпарат бере отырып, оқушылардың білімге деген құштарлығын ояту және ұлттық мақтаныш сезімін қалыптастыру.Ғарышты бағындыру — бұл ерлік қана емес, бұл мыңдаған ғалымдардың тынымсыз еңбегінің жемісі.
