“Жер Елшілері» бастамасы аясында өткен экологиялық іс-шараларға мектебіміздің оқушылары белсене қатысты
“Жер Елшілері» бастамасы аясында өткен экологиялық іс-шараларға мектебіміздің оқушылары белсене қатысты. Іс-шара барысында оқушылар қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығын түсініп, табиғатты аялауға бағытталған түрлі жұмыстар атқарды. Соның ішінде қалдық материалдарды қайта пайдалану арқылы әртүрлі пайдалы және сәндік бұйымдар жасап, өз шығармашылық қабілеттерін көрсетті.
Бұл шараның негізгі мақсаты – оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, табиғатқа деген жауапкершілігін арттыру және қалдықтарды қайта өңдеудің маңызын түсіндіру. Сонымен қатар, қоршаған ортаны қорғауға әрбір адамның үлес қоса алатынын насихаттау болды.
Осындай іс-шаралар арқылы оқушылар табиғатты қорғау – әрқайсымыздың ортақ міндетіміз екенін түсініп, болашақта экологиялық саналы азамат болуға қадам жасайды.



