Адалдық пен әділдік дегеніміз не?
педагог-психолог Досболайық бағдарламасы аясында 4 «А» сыныбында «Адалдық пен әділдік дегеніміз не?» тақырыбында тренинг-сабақ өткізілді.
Сабақтың мақсаты – оқушылардың адалдық пен әділдік туралы түсінігін қалыптастыру, оларды адамгершілік құндылық ретінде ұғындыру. Тренинг барысында оқушылар практикалық жаттығулар орындап, өмірлік жағдаяттарды талқылады және саналы моральдық таңдау жасауға үйренді.
Тренинг оқушылардың өз әрекеттеріне жауапкершілікпен қарауын дамытуға, сыныптағы сенімді нығайтуға және өзара құрмет мәдениетін қалыптастыруға ықпал етті.@oqu_agartu_ministrligi
@altynsarin_akademiasy
@obb_qaragandy
@umckrg #umckrg




