Достықтың және топтық жұмыстың құндылықтары
Педагог-психолог 7 «А» сынып оқушыларымен «Достықтың және топтық жұмыстың құндылықтары» тақырыбында «Дос болайық» бағдарламасы аясында сабақ өткізді.
Сабақтың мақсаты — жасөспірімдерге достықтың және топпен жұмыс істеудің маңыздылығын түсіндіру, тиімді топтық әрекет, бір-біріне сенім көрсету және ортақ нәтижеге жауапкершілік дағдыларын дамыту. Тренинг барысында оқушылар топта жұмыс істеу, бір-бірімен ынтымақтаса әрекет жасау және сыныптағы жағымды атмосфераны қалыптастыруға бағытталған практикалық жаттығулар мен талқылауларға қатысты.



