Отбасы сағаты
2025 жылдың 20 қарашасында “Отбасы сағаты”жобасы аясында мектебімізде Қарағанды облысы білім басқармасы басшысының қатысуымен онлайн режимде облыстық жалпы ата-аналар жиналысы өтті.
Іс-шара барысында нашақорлықтың алдын алу,балалардың психологиялық қауіпсіздігі,отбасының тәрбиедегі маңызы,балаларға көңіл бөлу туралы кеңінен сөз қозғалды. Жиналыс ата-аналармен тиімді кері байланыс орнатуға мүмкіндік берді.
Жиналысқа 1-11 сынып оқушыларының ата-аналары қатысып, өз сұрақтарын қойып,ұсыныстарын білдірді.
Жиналысқа қатысып,мектеппен тығыз қарым-қатынаста болатын ата-аналарға алғысымызды білдіреміз!
