Мектепішілік жоба байқауы екі топта ұйымдастырылып өткізілді.
Мектепішілік жоба байқауы екі топта ұйымдастырылып өткізілді. Оның ішінде 1-топ қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша жұмыс жасады. Аталған бағытта қазақ, орыс және ағылшын тілдері пәндері бойынша оқушылар өз зерттеу жобаларын ұсынды. Байқауға 2–11 сыныптар аралығындағы оқушылар қатысып, түрлі тақырыптарды қамтыған шығармашылық, зерттеушілік және ғылыми-ізденіс жұмыстары қорғауға ұсынылды.
Жобалар оқушылардың тілдік құзыреттілігін арттыруға, зерттеу мәдениетін дамытуға, шығармашылық ойлау дағдыларын қалыптастыруға бағытталды. Қатысушылар өз еңбектерін мазмұнды, жан-жақты және дәлелді түрде қорғап, пәндер бойынша білімдерін тәжірибеде қолдана алатындықтарын көрсетті.@oqu_agartu_ministrligi
@altynsarin_akademiasy
@obb_qaragandy
@umckrg #umckrg















